00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астаналық әскерилер Наурызды ерекше қарсы алды

01.04.2023 | 00:37
Елорда ақпарат
39

Астанадағы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Наурыз – бірлік мерекесі» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Орталықтың кең залында бой көтерген қазақ ауылы ұлттық нақышымен көз тартады. Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Әсенов төл ұжымы мен меймандарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Наурыз – ежелден келе жатқан мереке. Бұл мейрам көктемнің келуін, жаңа өмірдің басталуын, амандық пен молшылықты бейнелейді. Біздің ата-бабаларымыз отбасылық құндылықтарға деген көзқарасымен, аға буын мен жас ұрпақ арасындағы ұрпақтар сабақтастығымен ерекшеленді. Бүгін біз бабадан қалған мұра салт-дәстүрлерімізді көрсеттік, - деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Орталықтың әрбір бөлімшесі қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін ұсынды. Басқарма ұжымы баланың тұсауын кесіп, жолының жеңіл әрі жарқын болғанын тіледі.

Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайдың қызметкерлері жас келіннің бетін ашса, Орталық ансамбльдің әртістері сырға салу рәсімін жасады. Ал Орталық әскери оркестрдің музыканттары құйрық-бауыр жескен құдалық өткізді. Қазақтың халық әндері мен билерін орындаған Орталық өнерпаздары жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға қатысушылар Наурыз көже мен ұлттық тағамдардан дәм татты.

Барлық жаңалықтар