Елордада төрелік тыңдау бойынша студенттік байқау жеңімпаздары марапатталды
![](/img/articles/uploads/6412d711a7b19505307296_4e7d4e4ea8.jpeg)
Астанада төрелік тыңдау бойынша IAC Central Asia Vis Pre-Moot 2023 студенттік байқауының финалистері марапатталды, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
Астана халықаралық төрелік орталығында IAC Central Asia Vis Pre-Moot 2023 төрелік тыңдаулар бойынша студенттік конкурс өтті.
Биылғы жарысқа 16 елден 100-ден астам студент қатысты. Оның ішінде ТМД елдерінен 8 команда, Қазақстаннан – 2 команда, Еуропадан – 6 команда және Азиядан – 6 команда бар.
Халықаралық заң фирмалары мен төрелік бірлестіктердің 50-ден астам төрешілері мен заңгерлері қатысушылардың дағдыларын бағалады.
Осы байқау арқылы студенттер халықаралық коммерциялық құқық пен төрелікті зерделеуге мүмкіндік алды, іс жүзінде халықаралық іскерлік дауларды шешуге тырысты.
АҚШ-тағы серіктестеріміздің қолдауымен Астанада заң факультеттерінің студенттері арасында Азиядан ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер арасында байқау өтті. Астананың барлық елді біріктіретін және осындай тамаша шараларды өткізетін хаб болғаны қуантады. Кей студенттер бұл байқауға бірнеше жыл қатар қатысып келеді. Олардың дағдылары өткен жылдармен салыстырғанда анағұрлым жақсарды, кәсіби қасиеттерін шыңдады. Мұны біздің төрешіміз де атап өтті. Жоғарыда айтқанымдай, бұл шаралардың барлығы біздің америкалық серіктестеріміздің қолдауымен жүзеге асырылды. Бүгінгі студенттер – біздің болашақ әріптестеріміз, заңгерлеріміз және балалардың осындай кәсіби дағдыларға ие екені ерекше назар аудартады, - деді АХҚО Соты және ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт.
Биылғы байқаудың финалы офлайн режимде өтті, онда Өзбекстан (Ташкент мемлекеттік заң университеті) мен Пәкістан (Ұлттық ғылым және технологиялар университеті) командасы бірінші орынға таласты.
Соңғы раундтың төрешілері ХТО төрағасы Томас Крюммель, ХТО бірінші төрағасы және ХТО төрешілер панелінің мүшесі Барбара Доманн KC және White and Case заң компаниясының (Лондон, Ұлыбритания) заңгері Иван Филиппов болды.
Нәтижесінде Ташкент мемлекеттік заң университетінің командасы жеңімпаз атанды. Кубокты Самандарбек Норбоев пен Юлдыз Абдусолихова алды.
Сонымен бірге, Пәкістанның Ұлттық ғылым және технологиялар университетінің финалистері де марапатқа ие болды.
Кристофер Кэмпбелл-Холт олардың жоғары деңгейдегі дайындығын, кәсібилігін атап өтті.
Финалистер қараған іс Венадан бастау алатын коммерциялық арбитражға қатысты болды. Іс қазіргі заманға сай болды және осы сот ісіне қатысқан адвокаттардың үлкен дағдылары мен тәжірибесін қажет етті. Біз мұнымен тоқтап қалмай, болашақта осындай конкурстар өткізуді жоспарлап отырмыз. Шетелдік студенттердің дағдыларын арттырып қана қоймай, қазақстандық заңгерлердің кәсібилік деңгейі де артып келеді, - деп толықтырды Кристофер Кэмпбелл-Холт.
Айта кетейік, төрелік тыңдаулар бойынша конкурс АҚШ Сауда министрлігі жанындағы коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасының (CLDP) қолдауымен екінші жыл қатарынан өтіп келеді.
Бұл Орталық Азия мен ТМД елдерінің студенттеріне ауызша адвокатура семинарларынан өтуге және халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылармен Vis Moot-қа дайындалуға мүмкіндік береді.
![](/img/articles/cd39232f34d27f90526c84ee72d654ed.jpeg)
![](/img/articles/e6a14c9d91c4c69afaf712db62898167.jpg)
![](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![Орталық саябақта 4 мыңнан астам астаналық Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирді тамашалады](/img/articles/cd39232f34d27f90526c84ee72d654ed.jpeg)
![Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы учаске жабылады](/img/articles/e6a14c9d91c4c69afaf712db62898167.jpg)
![CTS автобус жолаушыларына маңызды мәлімдеме жасады](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![Елордалық құтқарушылар Есіл өзенінде рейд өткізді](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![Астаналықтар Олимпиаданың ашылуын ашық аспан астында тамашалай алады](/img/articles/475b87a51e1d49eac0325fb08e419fc8.jpg)
![Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті](/img/articles/4dc92b4236dca1508df22f4433afa2c4.jpg)
![Астанада отбасын қолдау орталықтарының жаңа жұмыс тәсілдері талқыланды](/img/articles/10cc3dbfef420bb46838d48facca8688.jpg)
![Елорда прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімдерін қайтарды](/img/articles/1abf1cbd5b009de4c8c1a223dd5c6a0f.jpg)
![«Таза Қазақстан»: AMANAT партиясы елорда маңында бейсенбілік өткізді](/img/articles/0198d5d0b3564b6e2f5efe4e13ffccc4.jpg)
![Астанада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің орны ауысады](/img/articles/c2770e1896adebd4ca1c5d140a1ef930.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)