00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Биыл Астанада «Аңсаған сәби» бағдарламасына 547 квота бөлінді

Астанада «Аңсаған сәби» бағдарлама аясында былтыр 15 сәби дүниеге келді, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

2021 жылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы іске қосылып, квота саны жылына 1 мыңнан 7 мыңға дейін көбейді. Осылайша қазір заманауи медицина мен мем­ле­кеттік қолдаудың нәтижесінде сәбилі болудың мүмкіндігі кеңейді. Бедеуліктің әртүрлі формалары бар науқастарға қатысуға мүмкіндік пайда болды.

Оқи отырыңыз: «Аңсаған сәби»: былтыр бағдарлама аясында елордада 15 сәби дүниеге келді

Бүгінде Астана қаласы бойынша бедеулік бойынша есепте 1 300-ден астам пациент тұр. Елордада әлеуметтік бағдарламаға квота негізінде қатыса алатындардың да саны жыл сайын артып келеді.  Мысалы, 2019 жылы елордаға небәрі 74 квота бөлінген. Ал 2021 жылы шаһарда 487 жұп МӘМС аясында ЭКҰ процедурасын өту мүмкіндігін алса, 2022 жылы 518 ерлі-зайыпты бағдарламаға қатысқан. Биыл елордаға 547 квота бөлінді.

Барлық жаңалықтар