00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Елордалық Сиязбек Далиевтің жүзуден Пара Азия ойындарына дайындығы пысықталды

31.03.2023 | 22:46
Елорда ақпарат
129

Бүгін қалалық спорт басқармасына қарасты БЖСМ мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің басшысы Азамат Тагаев Barys Arena Pool олимпиадалық бассейнінің базасында жаттығып жүрген паражүзуден Астана қаласының спортшысы, Еуропа және Азия чемпионы Сиязбек Далиевтің жаттығу барысын бақылады, деп хабарлады Elorda.info. 

Жаттығу барысын бақылаған мекеме басшысы Сиязбектің алдағы қазан айында өтетін Пара Азия ойындарына дайындық жоспарын пысықтады. Сондай-ақ, спортшының бас бапкері Станислав Редько мен аға жаттықтырушысы Айдар Картбаевтың бірқатар ұсыныстары тыңдалды. 

Айта кетсек, IV жазғы Пара Азия ойындары биыл қазан айында Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында өтуі жоспарланған. Төрт жылда бір рет өтетін додаға 40-қа жуық мемлекеттен 3 мыңға жуық спортшы қатыспақ.

Барлық жаңалықтар