00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Елордада жыл басынан бері 150-ге жуық мас жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 22:31
Елорда ақпарат
112

Жыл басынан бері астанада 150-ге жуық мас жүргізуші ұсталды. Оның ішінде бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылып, көлікті қайта мас күйінде жүргізген 14 жүргізуші және бір автоледи бар, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай жағдайда құқықбұзушылар ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша жауапкершілікке тартылып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе шектеуге алып келіп соғады. Бүгінгі таңда аталған санаттағы 9 іс сотқа жолданды.

1 ақпан мен 10 наурыз аралығында елорда аумағында “Қоғамдық қауіпсіздік” атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Аталған кезеңде учаскелік полиция инспекторлары көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу, азаматтық қару иелерін тексеру, сондай-ақ полицияда есепте тұрған адамдарды тексеру мақсатында әкімшілік учаскелеріндегі аулалар мен пәтерлерді аралауды жүзеге асыратын болады.

Апатты азайту, жол қозғалыс ережелерін өрескел бұзатындар мен мас күйінде көлікті басқару фактілерінің жолын кесу бойынша іс-шаралар күшейтілетін болады. Аталған іс-шара аясында бірқатар мақсатты профилактикалық және ақпараттық акциялар өткізілетін болады. Оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар.

Астана қаласының Полиция департаменті аталған іс-шараларды өткізуге түсіністікпен қарауды, әлеуметтік жауапкершілікті, ынтымақтастық пен өзара көмекті нығайтуда белсенділік танытуды сұрайды.

Барлық жаңалықтар