Ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолайлы жағдай жасау өте маңызды – Жеңіс Қасымбек
![](/img/articles/uploads/63d10cf84aaad688797093_6d664ec18c.jpg)
Елордада 27 мыңнан астам адам оңалту көмегін алып жатыр. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Біз үшін ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолайлы жағдай жасау өте маңызды. Бүгін осы санаттағы жандарға әлеуметтік және оңалту қызметтерін көрсететін түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездестім. Онда инватакси, протездік-ортопедиялық көмек, санаторий-курорттық емдеу, оңалту орталықтарының желісін кеңейту және т.б. мәселелер көтерілді.
Қазіргі уақытта қалада мүмкіндігі шектеулі 27 мыңнан астам адам оңалту көмегін алып жатыр, оның ішінде 7 мың бала бар. Елордада бірқатар әлеуметтік тұрғын үй салып жатырмыз, онда бірінші қабатта әлеуметтік нысандар ашылады: балалар орталықтары, медициналық нысандар, оның ішінде оңалту орталықтары.
Сол сияқты биыл инватакси санын 2 есеге арттыруды жоспарлап отырмыз, осылайша, ерекше қажеттіліктері бар жандарды көбірек қамти аламыз. Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды, ал жүйелі мәселелер бойынша министрліктермен жұмыс істейтін боламыз. Қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесіп, тұрғындарымыз үшін қолайлы жағдай жасау жолында бірлесіп жұмыс істейтін боламыз, – деп жазды Жеңіс Қасымбек instagram-парақшасында.
![](/img/articles/cd39232f34d27f90526c84ee72d654ed.jpeg)
![](/img/articles/e6a14c9d91c4c69afaf712db62898167.jpg)
![](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![Орталық саябақта 4 мыңнан астам астаналық Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирді тамашалады](/img/articles/cd39232f34d27f90526c84ee72d654ed.jpeg)
![Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы учаске жабылады](/img/articles/e6a14c9d91c4c69afaf712db62898167.jpg)
![CTS автобус жолаушыларына маңызды мәлімдеме жасады](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![Елордалық құтқарушылар Есіл өзенінде рейд өткізді](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![Астаналықтар Олимпиаданың ашылуын ашық аспан астында тамашалай алады](/img/articles/475b87a51e1d49eac0325fb08e419fc8.jpg)
![Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті](/img/articles/4dc92b4236dca1508df22f4433afa2c4.jpg)
![Астанада отбасын қолдау орталықтарының жаңа жұмыс тәсілдері талқыланды](/img/articles/10cc3dbfef420bb46838d48facca8688.jpg)
![Елорда прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімдерін қайтарды](/img/articles/1abf1cbd5b009de4c8c1a223dd5c6a0f.jpg)
![«Таза Қазақстан»: AMANAT партиясы елорда маңында бейсенбілік өткізді](/img/articles/0198d5d0b3564b6e2f5efe4e13ffccc4.jpg)
![Астанада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің орны ауысады](/img/articles/c2770e1896adebd4ca1c5d140a1ef930.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)