00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада 25 аула клубы жұмыс істейді – Қайрат Қамбаров

31.03.2023 | 22:10
Елорда ақпарат
39

Бұл туралы «Астана қаласының коммуникациялар қызметі» алаңында Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада соңғы 8 жылдан бері балалар мен жасөспірімдердің тұрғылықты жері бойынша бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған «Аула клубтары» әлеуметтік жобасы тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Жастар саясаты мәселелері басқармасына қарасты «Астана жастары» жастар ресурстық орталығында Аула клубтарын дамыту бөлімі жұмыс істейді. Бүгінгі күні ол бөлімнің жетекшілігінде 25 аула клубы бар. Жұмыс істеп тұрған 25 аула клубының 9-ы Астана қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі үй-жайларда, 16 аула клубы жеке меншіктегі үй-жайларда жұмыс істейді. Жыл сайын аула клубтарының қабырғасында халықтың әлеуметтік осал топтарынан, аз қамтылған отбасылардан шыққан жүздеген балалар ақысыз негізде тәрбиеленеді. Аула клубтарына қалалық Ішкі істер департаментінің ювеналдық полиция бөлімшесінде есепте тұрған және Астана қаласының әлеуметтік даму басқармасына бекітілген кәмелетке толмағандар да барады. Сондай-ақ, аула клубтарының қызметін сапалы ұйымдастыру мақсатында жазғы маусымда «Көл өнер», «Береке», «Береке-спорт» аула клубтарының үй-жайларында жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, желтоқсан айының соңында «Жас қанат», «Астана», «Бәйтерек» аула клубтарында жөндеу жұмыстары аяқталды, – деді басқарма басшысы.

25 аула клубында 7 мен 29 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасынан 3 100-ге жуық оқушы тәрбиеленуде. Үйірмелер мен секциялар саны – 124. Оның ішінде 68 спорт секциясы, 56 шығармашылық үйірме бар: бокс, каратэ, түрлі би үйірмелері, сурет салу, қолөнер, бағдарламалау (программирование), тілдерге оқыту және т.б.

Барлық жаңалықтар