Астанада сән киім байқауы өтті
![](/img/articles/uploads/635f3a585759e103890536_0ebdcc1a34.jpg)
Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ІІ республикалық мұсылман әйелдерінің "Әсем киім – әйел ажары" сән киім байқауы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Асыл дініміз Исламда әйелге айрықша мәртебе берілген. Имандылық, ізеттілік, қайырымдылық, жанашырлық жолын ұстанған халқымыз қыз-келіншекті құрметтеудің үлгісін көрсеткен. Қызды құрметтеуге келгенде оны тіпті төрге шығарған, ал тәрбиесіне келгенде қызды қырық үйден тыйған. Осы тыйымның бәрі әйелдің иманы мен құрметін, ары мен ұятын қорғайды. Расында, қазақ халқында: «Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бар. Мұның мағынасы өте терең. Өйткені, кез-келген адамның анасы - оның алғашқы медресесі. Адам баласы алғашқы тәрбиені анасынан алғандықтан, бұл ретте сіздерге жүктелер міндет аса үлкен. Алла жар болсын, – деді байқауға қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетсек, іс-шараның мақсаты – әйел-қыздарға шариғат пен дәстүрімізге сай, қазіргі заман талабына орай орамал мен мұсылманша киім үлгілерін ұсыну.
Байқауда облыс-өңірден келген жиырмаға жуық дизайнердің ұсынған 200-ден астам мұсылманша киім үлгілері көрсетілді. Байқау соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
![](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![](/img/articles/475b87a51e1d49eac0325fb08e419fc8.jpg)
![](/img/articles/4dc92b4236dca1508df22f4433afa2c4.jpg)
![CTS автобус жолаушыларына маңызды мәлімдеме жасады](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![Елордалық құтқарушылар Есіл өзенінде рейд өткізді](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![Астаналықтар Олимпиаданың ашылуын ашық аспан астында тамашалай алады](/img/articles/475b87a51e1d49eac0325fb08e419fc8.jpg)
![Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті](/img/articles/4dc92b4236dca1508df22f4433afa2c4.jpg)
![Астанада отбасын қолдау орталықтарының жаңа жұмыс тәсілдері талқыланды](/img/articles/10cc3dbfef420bb46838d48facca8688.jpg)
![Елорда прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімдерін қайтарды](/img/articles/1abf1cbd5b009de4c8c1a223dd5c6a0f.jpg)
![«Таза Қазақстан»: AMANAT партиясы елорда маңында бейсенбілік өткізді](/img/articles/0198d5d0b3564b6e2f5efe4e13ffccc4.jpg)
![Астанада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің орны ауысады](/img/articles/c2770e1896adebd4ca1c5d140a1ef930.jpeg)
![Астана дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қалай безендіріледі](/img/articles/27c094b59af2af68b0afe028b28ee1fe.jpeg)
![«Зорлық-зомбылықсыз отбасы»: Елордада көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті](/img/articles/7e174858182c1b1082025f4d2e2ea0f9.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)