Elorda.info

«Сергек»: елордалықтарға 3 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды

Нұр-Сұлтанда биыл 500 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркеліп, жүргізушілерге 4,6 млрд теңге айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Нұрлан Қаппаров мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

«Сергек»: елордалықтарға 3 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды

2022 жылдың басынан бергі уақытта елорданың полиция департаменті 4 639 481 646 теңге сомаға 542 612 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Соның аясында 3 647 778 893 теңге өндірілді. Өндіріп алу көрсеткіші – 78,6%. Аталған құқық бұзу фактілерінің 422 339-ы «Сергек» камералары арқылы тіркелді. Ол фактілер негізінде 3 207 892 304 теңге айыппұл салынды, – деп атап өтті Нұрлан Қаппаров.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Елорда жаңалықтары