00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада робототехникадан ұлттық чемпионат өтті

25.02.2023 | 10:15
Елорда ақпарат
19

WRO-2022 тақырыбы роботтарға арналып, қисынға сай «Менің роботым – менің досым» деп аталды. Олимпиада төрт санат бойынша өткізілді: Future Engineers, Robomission (жас ерекшеліктері бойынша үш топ), Future Innovators (жас ерекшеліктері бойынша үш топ), Robosports.

2022 жылғы байқаудың басты мақсаты – роботтардың адамзатқа қалай қызмет ете алатындығы және осы ынтымақтастықты қалай қауіпсіз етуге болатындығына байланысты. Робототехника мен жасанды интеллект күн сайын әлемді өзгертуде, сондықтан командалар күнделікті өмірде адамға қамқорлық танытып, құтқара алатын немесе қызмет көрсететін роботтарды құру міндеті тұрды.

Роботтар әлемді жаулайды деген сенім – миф, олар болашақта адамдарға көмектеседі, себебі роботтарды жасаушылар басқарады, – дейді Мирас Кеңес.

Ол командалық әріптесі Амир Қарабаевпен елордадағы танымал «Роботек» мектебінің атынан қатысып, WRO-2022 чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Ұлттық чемпионатта ұсынылған жобалардың тақырыптары жас робототехниктердің өршілдігі мен үздік білімін, сондай-ақ қызығушылықтарының алуан түрлілігін дәлелдеді. Роботтардың көпшілігі бүгінгі заманның басты трендтері – медициналық, экологиялық және әлеуметтік басымдықтарға арналды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2014 жылдан бастап World Robot Olympiad-тың Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі ретінде қызмет атқарады, осы уақыт аралағында елімізде робототехника мен олимпиадалық қозғалысқа деген қызығушылық айтарлықтай артты, барлық облыста жас таланттардың ерекше әрі тың жобалар жасауына мүмкіндік беретін үйірмелер, секциялар мен мектептер саны өсті.

WRO-2022 ұлттық чемпионатының жеңімпаздары: «Future Engineers» категориясында Павлодардағы мамандандырылған әскери мектеп-интернаты оқушылары Дәурен Игілік мен Серік Кабдурашит, «Future Innovators. Elementary» категориясынында NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушылары Жанел Жансат пен Өмірзақ Асыл, «Future Innovators. Junior» категориясында Талдықорғандағы Зияткерлік мектептің жас робототехниктері Іңкәр Құрманбаева мен Жәния Жұматай, «Future Innovators. Senior» категориясында Павлодардағы NIS оқушылары Аида Абкенова мен Шахназар Сайлаукан, «Robosports» категориясында Шымкенттегі №2 мамандандырылған мектеп-интернатның оқушылары Олжас Тойлыбаев пен Әмина Қаныбек, «Robomission. Elementary» категориясында Қарағандыдағы Осакаров ауданының оқушылары Илья Кацапов пен Ратмир Доминов, «Robomission. Junior» категориясында елордадағы «Роботек» мектебінің жас таланттары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров, «Robomission. Senior» категориясында Оралдағы Зияткерлік мектеп оқушылары Дархан Тыныштық және Арсен Есенғалиев.

«Robomission», «Future Innovators», «Future Engineers» санаттарында олимпиада чемпиондары арасынан оқу-жаттығу жиынынан кейін қараша айында Германияның Дортмунд қаласында өтетін WRO-2022 байқауының әлемдік кезеңінде өнер көрсететін ұлттық құрама жасақталады.

Барлық жаңалықтар