00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

Елордада әскери көліктер көрмесі өтіп жатыр (ФОТО)

25.02.2023 | 06:40
Елорда ақпарат
28

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектептерінің құрылған күніне орай өтіп жатыр.

Келушілердің бәрі Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ашық аспан астында орналасқан автомобильдерді қызығушылықпен аралап көруде. Алаңға жалпы өткен ғасырдың ортасында шығарылған әскери және басқа техниканың 20 шақты үлгісі қойылған.

Көрмеге келушілер басқа да жәдігерлермен музей ғимаратында таныса алады. Мұнда әскери техниканың үлгілері, сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі шайқастардың диорамалары бейнеленген экспозициялар да бар.

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери оркестрі мен Орталық әскери ансамблінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, көрмені тамашалуға келгендерге керемет көңіл-күй сыйлады.

Барлық жаңалықтар