00:00
Астана -10oC
USD:
467.29
EUR:
501.03
RUB:
5.35
Іздеу

Елордада бір түнде 1 252 текше метр қар шығарылды

25.02.2023 | 03:38
Елорда ақпарат
29

Бүгін күндіз қар күреу жұмысына мыңға жуық арнайы техника мен 1500-ге жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Өткен түні, яғни 29 наурыздан 30-ына қараған түні коммуналдық қызметтер қар полигондарына 1 252 текше метр қар шығарды. Қысқы кезеңнің басынан бастап бүгінге дейін қаладан 4,4 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәулік бойғы режимде кешкі және түнгі уақытта интенсификациямен, сондай-ақ қар жинау маршруттарын түзетумен жұмыс істейді.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.

Айта кетейік, елордада ауа райының қолайсыздығы, боран мен екпінді жел сақталады. Тұрғындардан абай болғаны, алыс сапарларға шықпағаны жөн.

Барлық жаңалықтар