00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

Елордалық полицейлер Жаңа жылда күшейтілген қызмет түріне көшті

24.02.2023 | 21:03
Елорда ақпарат
38

Көше мен тұрғын үй аулаларында, әсіресе көңіл көтеретін ойын-сауық орындарында және азаматтардың жаппай демалуы мен бос уақытын өткізетін басқа да орындарда патрульдеу жұмысы ұйымдастырылды. Көшелерде патрульдік қызмет жасағының саны арттырылды, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері апаттық жағдайда әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылардың жолын кесу бойынша жұмысты жандандырды.      

Полицейлер жаңажылдық мереке жаппай қыдырып мерекелеу кезеңі екенін еске салады. Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану, сақтау және сату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу өрттің себебі болуы мүмкін және жарақат алу мен зақым келтіру қаупін тудырады. Балалармен бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде ересектер ажырамас бөлігі болуы тиіс, олар өрт қауіпсіздігі талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

Барлық жаңалықтар