00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

1 маусым күні елордада бұқаралық велошеру өтеді

30.05.2024 | 08:32
Олжас Сүлейменов
147
1 маусым күні елордада бұқаралық велошеру өтеді
Фото: дереккөз

Астанада 1 маусым күні есірткіге қарсы күрес және балаларды қорғау күніне орай бұқаралық велошеру өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықта «Жасыл белдеуде», яғни «Үркер» (Ильинка) тұрғын алабының саябағында мәреге жетеді.

Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін жалғасады. Басталуы: сағат 08:00-де. Тіркелу тегін.

Іс-шара аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Веложарысқа әр қатысушы өз велосипедімен жіберіледі. Алайда шлемнің болуы міндеттеледі.

Мерекелік велошеруге қатысуға елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады.

Барлық жаңалықтар