00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Тозған банкноттар мен тиындарды қай жерде тегін айырбастауға болады?

02.10.2023 | 02:30
48
Фото: kursiv.media

Қазақстанда тозған банкноттар мен зақымдалған тиындарды айырбастауға мүмкіндік бар, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан ұлттық банкі ресми сайтының мәліметінше, тозған банкноттар мен зақымдалған тиындар заңды төлем құралы болып қала береді. Оларды екінші деңгейлі банктерде, Ұлттық банк филиалдарында және ұлттық пошта операторы "Қазпошта" АҚ-да номиналды құнына сай айырбастауға болады. Ұлттық валютаның зақымдалған төлем ақша белгілері Ұлттық банк филиалдарында тегін айырбасталады және сомасына шектеу қойылмайды. Дегенмен ұлттық банктің ресми сайтында екінші деңгейлі банктер өздерінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, бұл қызмет түрін көрсеткені үшін комиссия ұстауға құқылы екенін ескертті. 

Барлық жаңалықтар