00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Тим Дрейпер: Биткоин біздің өмірімізді айтарлықтай жақсартады

13.10.2023 | 12:00
31
фото: дереккөз

Әйгілі америкалық  венчурлық инвестор, Draper Fisher Jurvetson компаниясының тең құрылтайшысы және Дрейпер университетінің негізін қалаушы  Тим Дрейпер, болашақта орталық банктер азайып, биткоинды ресми пайдаланатын мемлекеттер көбейеді деген болжам айтты, деп хабарлады Elorda.info 

Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge 2023» форумында айтты.

Сондай-ақ ол өз сөзінде; 

Орталық банктерде халықтың ақша аударуы мен операцияларына бақылау бар. Халық алдағы уақытта осы бақылауды алып тастауды талап етуі ықтимал. Банктен есепшот ашу үшін бегілі бір мөлшерде қаражат жұмсалады. Банктер де кейбір азаматтарға шот ашуға құқылы емес. Өйткені реттеушінің бақылауы қатаң. Тиісінше, банкте шоты жоқ азаматтар биткоин арқылы өзінше экономикасын құрып жатыр,- деп мәлімдеді ол. 

Тим Дрейпердің пікірінше, болашақта орталық банктер азайып, биткоинды ресми пайдаланатын мемлекеттер көбеймек.

Биткоин пайдаланғанда салықтан жалтара алмайды, төлемдер автоматты түрде жасалады. Осы себепті де менің биткоин туралы пікірім айтарлықтай оптимистік тұрғыда, - деді спикер.

Сонымен қатар, Тим Дрейпер не себепті кей криптовалюталардың сұранысқа ие болмай қалғанын айтты.

Кейбір криптовалюталар өміршең бола алмады, өйткені олар орталықтандырылған еді. Олар бір адамға байланған болатын. Ұлттық валюталар да орталықтандырылған. Тиісінше, саяси күштерге тәуелді. Биткоин орталықсыздандырылған, ашық және транспарент. Әр адам әлемдегі кез келген транзакцияны көре алады. Жалпы, биткоин біздің өмірімізді айтарлықтай жақсарта алар еді, - деп қорытындылады сөзін Тим Дрейпер.

Айта кетейік, Тим Дрейпер миллиардер,  1985 жылдан бері жұмыс істейтін венчурлық компанияның иесі. Оның филиалдары әлемдегі ең ірі 26 технологиялық орталықта жұмыс істейді.  Тим Дрейпер 116 компанияға инвестор ретінде ақша салған. Олардың ішінде Skype, Hotmail, Tesla сияқты компаниялар бар. 

Барлық жаңалықтар