00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Теңге барлық негізгі валюталарға шаққанда әлсіреді

02.10.2023 | 14:00
49
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша теңге барлық негізгі валютаға қарағанда әлсіреген, деп хабарлады Elorda.info Бірінші кредиттік бюро сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық валюта долларға қатысты алғанда айтарлықтай арзандады. Оның ресми бағамы бір айда 14,78 теңгеге өсті. Бүгінде доллардың ресми бағамы 474,47 теңгені құрайды.

8 ай ішінде алғаш рет теңге рубльге қарағанда әлсіреді. Теңге тамыз айында қалай қымбаттаса (0,11 теңге), сол шамада әлсіреген. Қазіргі таңда рубль 4,88 теңге тұрады.

Қыркүйек айында еуро 3,69 теңгеге қымбаттап, 503,51 теңге болды. Еуропалық валюта бағамы төртінші ай қатарынан көтеріліп келеді.                   

Барлық жаңалықтар