00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Үрімшіде Қазақстанның сауда өкілдігі ашылады

19.03.2024 | 08:56
86
Фото: дереккөз

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы парткомының хатшысы Ма Синжуймен және ШҰАА басшысы Эркин Туниязбен кездесті, деп хабарлады, Elorda.info

Министрліктің баспасөз қызметінің жазуынша кездесуде тараптар Үрімші қаласында Қазақстан-Қытай сауда ынтымақтастығын нығайту және сауда өкілдігін ашу мәселелерін талқылаған.

Екі ел арасындағы сауда көлемін кеңейту барысында, атап айтқанда ШҰАА-мен сауданы ұлғайту үшін Мемлекет басшысы Үрімшіде сауда өкілдігін ашуды тапсырды. Министрлікке ведомстволық бағынысты QazTrade ұйымы осы өкілдіктің қызметімен айналысатын болады. Болашақта ол біздің өндірушілер мен өнімді сатып алуға мүдделі ШҰАА компаниялары арасындағы жолсерікке айналады, - деді Қазақстанның сауда және интеграция министрі.

Өз кезегінде Ма Синжуй бірлескен іс-қимыл жоспарының табысты іске асырылатынына сенім білдірді. Жаңа отыз жыл, ШҰАА партком хатшысының пікірінше, транзиттік-логистикалық инфрақұрылымды, сауда мен туризмді қоса алғанда, барлық бағыттар бойынша Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының одан әрі дамуына серпін бермек.

 Кездесуде тараптар жыл сайынғы Қытай-Еуразия ЭКСПО көрмесін өткізуге дайындық және Үрімші қаласында қазақстандық сауда өкілдігін ашу мәселелерін қозғады.

Екі ел арасындағы сауда көлемін кеңейту барысында, атап айтқанда ШҰАА-мен сауданы ұлғайту үшін Мемлекет басшысы Үрімшіде сауда өкілдігін ашуды тапсырды. Министрлікке ведомстволық бағынысты QazTrade ұйымы осы өкілдіктің қызметімен айналысатын болады. Болашақта ол біздің өндірушілер мен өнімді сатып алуға мүдделі ШҰАА компаниялары арасындағы жолсерікке айналады, - деді  А. Шаққалиев. 

Ол Қазақстанның Үрімжідегі сауда өкілдігінің ашылу рәсімін Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шілде айындағы отырысы аясында өткізуді ұсынды.

Қазақстандық бизнес жыл сайын Қытай-Еуразия көрмесіне қатысады. Өткен жылы Қазақстан Стенді ЭКСПО-ға өз тауарларын ұсынған 40 елдің ішіндегі үздіктердің бірі болды. Көрме қорытындысы бойынша отандық компаниялар 100 млн доллардан астам сомаға экспорттық келісімшарттар жасасты. 

Арман Шаққалиев биыл 26-30 маусымда өтетін Үрімжідегі халықаралық ЭКСПО-ға қазақстандық кәсіпкерлердің қатысатынын растады.

Барлық жаңалықтар