00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Ресей сүтін Қазақстанға әкелуге шектеу қойылды

30.05.2023 | 18:30
57
Фото: inbusiness.kz

Қазақстан ресейлік «Саратов сүт зауыты» ЖШС кәсіпорнынан «Год Буренка» сүтін әкелуге уақытша шектеу қойды, деп хабарлады Elorda.info.

АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен бірлесіп, «Добрая буренка» сүт өнімдерінің май қышқылдарының құрамында бірнеше рет сәйкессіздік анықтады. Осыған байланысты биыл 26 мамырдан бастап аталған өнімдерге «уақытша шектеулі» режим енгізілді.

Айта кетейік, осыған дейін Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров шетелдік тасымалдаушылардың сүт өнімдерін заңсыз әкеліп, демпингке түсіру мәселесін көтерген болатын.

Оның айтуынша, бұл жағдайға Ресей Федерациясындағы құрғақ сүттің көптігі себеп. Бұл ресейліктердің шикі сүт өндірісін ұлғайтуымен, йогурт пен ірімшік сияқты қымбат өнімдерді сатудың азаюымен байланысты болды.

Ресейлік сүт зауыттары арзанырақ өнімдерді, оның ішінде құрғақ сүтті өндіруді арттырды. Оның бағасы жыл басынан бері 2 еседен астам құлдырады. Бағаның құлдырауына мамандар жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдерді сату қажеттігін алға тартады.

2022 жылдың аяғында майсыздандырылған құрғақ сүт қоры бір жыл бұрынғыдан 4 есе көп. Қазақстан Ресей Федерациясы сүт өнімдерін сататын негізгі нарықтардың бірі болып табылады, ал артық өнімдер Қазақстан Республикасының шекаралас аймақтарына жіберіледі. Нарықтық жеткіліксіздіктен ресейлік тасымалдаушылар қазақстандық сауда желілерін басып, супермаркет сөрелерін сатып алып, отандық өндірушілерді ығысуға мәжбүр етті, - деді депутат.

Бұл жағдайды түзету шараларының қатарында депутат А.Қожаназаров импортталатын сүт өнімдеріне күшейтілген зертханалық бақылауды енгізуді ұсынды.

Барлық жаңалықтар