00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Мемлекет басшысы Екібастұз тұрғындарына алғыс айтты

09.08.2023 | 12:30
65
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы қала тұрғындарымен әңгімелесу барысында қиын-қыстау жағдайда шыдамдылық танытқаны және апат салдарын жою кезінде азаматтық белсенділік көрсеткені үшін екібастұздықтарға алғыс айтты, деп хабарлады Eiorda.info Ақорлданың телегерамм арнасына сілтеме жасап

Кездесу барысында Президент қаладағы жағдайды өз көзімен көруге келгенін атап өтті. 

Екібастұзға ахуалды көру үшін арнайы келіп отырмын. Өткен қыс оңай болған жоқ. Бәрін көрдім, түсінемін. Дегенмен бәріміз бір ұлт, бір ел ретінде ауызбіршілік танытуымыз керек. Қала тұрғындары осы қиын жағдайда сабырлық танытып, шыдады. Азаматтық позициясын, көзқарасын білдірді. Сондықтан баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Үкіметке тиісті тапсырмалар берілді. Тиісті қаражат бөлінді. Сондықтан бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын, -деді Президент.

Барлық жаңалықтар