00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселесі талқыланды

19.02.2024 | 07:37
57

Іс-шараға қатысушылар «Беларусь – Ресей – Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан» халықаралық көлік дәлізін қалыптастыру және дамыту мәселесін талқылап, аталған дәлізді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қарастырды. Кездесу барысында тараптар биыл наурыз айының ортасында жұмыс тобының бірінші отырысын өткізуге келісті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ШЫҰ-ға мүше елдердің көлік форумы шеңберінде Қазақстан, Ресей және Өзбекстан министрліктерінің өкілдері «Беларусь – Ресей – Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан» дәлізі туралы меморандумға қол қойған болатын.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар «Дарбаза-Мақтарал» жобасының іске асырылуын ескере отырып, қазақстандық учаскенің инфрақұрылымы осы дәліз бойынша жүктерді тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген ортақ пікірге келді.

Барлық жаңалықтар