00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Forbes тізіміне енген ең бай қазақстандықтар анықталды

06.04.2023 | 08:09
48

Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың кезекті тізімін жариялады. Бұл жолы миллиардерлер қатарында 6 қазақстандық бар, деп хабарлады Elorda.info.

Жалпы әлем бойынша бұл тізімге 2 640 адам еніп отыр. Олардың жалпы байлығы 12,2 триллион долларды құрайды. Биылғы рейтингте байлар қатарында 6 қазақстандық бар. Десе де, олардың табысы өткен жылмен салыстырғанда өзгерген. Яғни ерлі-зайыпты Құлыбаевтардың ақшасы көбейсе, Владимир Ким мен Өтемұратовтың табысы төмендеген. 

Жалпы Қазақстан бойынша тізімге енген миллиардерлер көшбасын “KAZ Minerals” иесі Владимир Ким бастапты. Ол жалпы рейтингте 591-ші орында. Былтыр 5 миллиард долларға бағаланған байлығы биыл 4,3 миллиард долларға азайған. 

Мұнан кейін тізімде 636-орынға жайғасқан ерлі-зайыпты Құлыбаевтар. Экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы мен күйеу баласының байлығы 4,3 миллиардқа жеткен. Өткен жылы әрқайсысының табысы 3,8 миллиард доллар еді. Осылайша бір жылда екеуі де табысын 500 миллион долларға арттырған.

Ал Kaspi Bank иегерлерінің бірі Вячеслав Ким де байлығын 1 жыл ішінде едәуір көбейткен. Өткен жылы 2 миллиард доллармен 1 513-ші орында тұрған ол биыл 3,6 миллиард доллар қаржысымен 787-ге көтеріліп отыр.

Мұнан кейін Freedom Holding брокерлік компаниясының басшысы Тимур Турлов 3,1 миллиард доллармен тізімге енген. Былтыр 1 292-орында тұрған кәсіпкер биыл 949-орынға көтеріліпті.

Ал 65 жастағы Болат Өтемұратовтың табысы 100 миллион долларға азайған. Былтыр 2,8 миллиард доллармен 1 096 орында тұрған ол, биылғы тізімде 2,7 миллиард долларымен 1 104-ке түсіп қалған.

Жалпы әлем бойынша ең бай адам биыл LVMH компаниясының басшысы Бернар Арно. Оның байлығы – 211 миллиард доллар. Tesla иесі Илон Маск 180 миллиард доллар қаржысымен екінші орынға тұрақтаса, үшінші орында 114 миллиард долларымен Amazon жетекшісі Джефф Безос тұр.

Барлық жаңалықтар