00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елорда базарларында азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді

23.02.2024 | 10:44
60
Фото: дереккөзден

«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес, тауар бағасын өнім берушінің талабы бойынша азық-түлік тауарларын жеткізу шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, ішкі сауда субъектілері өздері белгілейді. Онда тараптардың келісімі бойынша шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының шекті сауда үстемесі мөлшері 15% - дан аспайтындай белгіленеді», - деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Әкімдік қызметкерлері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына апта сайын осындай мониторинг жүргізеді. Комиссия мүшелері елорданың ірі сауда нысандарына көшпелі іс-шаралар өткізеді. Жыл басынан бері осындай 15 отырыс өткізілді.

Бүгінгі таңда делдалдықтың 19 фактісі және сауда үстемесінің асып кетуі анықталды. Барлық материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сауда департаментіне жіберілді.

Барлық жаңалықтар