00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Еліміздегі қонақүйлер туристерге 175,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті

29.12.2023 | 08:30
42
Фото: ашық дереккөз

2023 жылдың 9 айында еліміздегі қонақүйлер туристерге 175,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлады Elorda.info

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 129,2 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.  Ал пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда аталған көрсеткіш шамамен 2 есе өсті.

Қазіргі таңда еліміз бойынша барлығы 4 мыңнан астам туристік орналастыру орны бар. Олардың қатарына қонақүйлер, мотельдер, пансионаттар, балалар лагерлері, кемпингтер, жатақханалар, демалыс үйлері және басқа да орындар кіреді.

Комитет елімізге келетін қонақтарға қолайлы жағдай жасау, орналастыру орындарының ассортиментін кеңейту және туристік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырады. Қолға алынып жатқан нақты істер келушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана емес, туризм саласындағы экономикалық өсуді қолдауға да бағытталған. Сонымен қатар олар Қазақстан беделін түрлі және сапалы орналасу нұсқалары бар туристік бағыт ретінде нығайтуға септігін тигізеді, - деп атап өтті ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Нұртас Кәріпбаев.

Барлық жаңалықтар