00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Түркия Босфор және Дарданел бұғазы арқылы кемелердің өту ақысын көтерді

05.06.2023 | 20:30
28
Фото: ашық дереккөз

Түркия 1 шілдеден бастап Босфор және Дарданел бұғазы арқылы кемелердің өту ақысын 8,83%-ға, тоннасына 4,42 долларға дейін көтерді деп хабарлады Elorda.info Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Aydinlik хабарлаған. 

Көлік және инфрақұрылым министрлігіне қарасты Теңіз істері жөніндегі бас басқармасы осындай шешім қабылдады.

Басылым алым сомасы 1936 жылы бұғаздардағы кеме қатынасын реттейтін Монтре конвенциясына қол қойылғаннан бері алтын франк негізінде есептелетінін жазады. Өткен жылдың қазан айында түрік билігі сауда кемелерінің бұғаздар арқылы өтуі үшін алым құнын бес есеге – 0,8 доллардан 4,08 долларға дейін өсірді.

Барлық жаңалықтар