00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

БЖЗҚ Air Astana акциясын сатып алды

15.02.2024 | 15:30
36
Фото: egemen.kz

Ұлттық банк бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есебінен Air Astana акцияcsy бастапқы орналастыруға (IPO) қатысады, деп хабарлады Elorda.info.

14  ақпанда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне 1 акция үшін 1 073,83 теңге бағамен 24,9 млрд теңгеге AirAstana АҚ-ның жай акциялары сатып алынды. Жай акцияларының жалпы саны – 23 168 975 дана.Бұл шығарылған компания акцияларының жалпы санының 6,5%-ын құрады, - деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.

Қазақстанның жоғары сапалы эмитенттерінің жай акцияларын сатып алу БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін әртараптандыруға бағытталды және ұзақмерзімді перспективада оның кірісін арттыруға ықпал етеді.

Барлық жаңалықтар