00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстан ақша жылыстатуға қарсы тәуелсіз рейтингте позициясын жақсартты

02.01.2024 | 05:00
47
фото: дереккөзден

Бұл рейтингте Қазақстан 100-ден астам елді артқа тастап, 4,71 ұпай жинай отырып,  позициясын 27 тармаққа жақсартты.
Бұл еліміз үшін 2012 жылдан бері жарияланып келе жатқан рейтинг тарихындағы ең жоғарғы  нәтиже.Қазақстан рейтингте Қытай, Түркия, БАӘ, Сербия, Болгария, Венгрия, Румыния, Катар, Бахрейн және Сауд Арабиясы секілді елдерден басып озды. Тәуекел деңгейі ең төмен топ-5 елдің қатарына Исландия, Финляндия, Эстония, Андорра және Швеция кірді, деді ҚМА баспасөз қызметі. 
 

Айта кетейік, зерттеу қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландырудың жоғары тәуекелдеріне ықпал ететін әртүрлі факторларды өлшейтін 5 бағыт бойынша 18 көрсеткішке негізделеді.
 

Барлық жаңалықтар