00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Алматыда қазақтілді бизнес форум өтіп жатыр

15.08.2023 | 10:00
59
Фото: дереккөз

Алматыда «Sana Business Forum» білікті де белсенді қаржыгерлер, экономистер және кәсіпкерлердің басын біріктірген форумы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Форумның басты мақсаты – Үкімет, бизнес және ғылым арасында байланыс орната отырып, ел экономикасының даму мәселелері, сын-қатерлері және мүмкіндіктерін талқылау.

Бизнес форумға 50-ден астам сарапшы мен қонақ шақырылып, 300-ден астам қатысушы келді.

«Sana Business Forum» спикерлерінің қатарында Ұлттық экономика министрлігінен және Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерін, экономист Жақсыбек Құлекеев, экономист Мақсат Халық, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов, TasGroup қаржы компаниялар тобының негізін қалаушы әрі басшысы Дулат Тастекей, Сентрас Иншуранс сақтандыру компаниясының персонал жөніндегі директоры, персонал жөніндегі менеджерлер қауымдастығының мүшесі Айгүл Қуатқызын, Trade Help бизнес консультанты, Халықаралық HR клубының мүшесі Аида Егембердиева бар. 

Сондай-ақ кәсіпкерлерден Golden Bridge Partners серіктесінің негізін қалаушы және директоры Jańa Post компаниясының негізін қалаушы Болатбек Дәлелханұлын, «QAZHEALTH TRADE» ЖШС директоры Айтуған Мұқашевты, SONA lab, Med Progress, Nomad Goldman Logistics, Acvee Finance компанияларының негізін қалаушы Аслан Назаралиевті, кәсіпкерлер Гүлбану Майгарина мен Бақтияр Өсербекұлын, «Lactomarin», «Lamifaren» және тағы басқа тауар белгілерімен танылған компаниялардың негізін қалаушы Әділбек Тұрғынбайды, EASYTAP жобасының негізін қалаушысы Мағзұм Төлешті, Mercury Properties компаниясының стратегиясы мен бизнесті дамыту жөніндегі директоры Әмірхан Омаровты, Америкалық AES корпорациясының Арлингтондағы бас кеңсесінде робототехника мен дрондар жөніндегі бағдарламаның жаһандық жетекшісі Әсел Аяпованы, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының ғылым департаментінің директоры, PhD докторы Руслан Нұрлыбаевты және басқа да іскер азаматтар шақырылған. 

Бұдан бөлек 50-ге жуық ел арасында танылып жүрген зиялы азаматтар, ғалымдар, кәсіпкерлер, экономистер, сарапшылар қонақ ретінде қатысып жатыр.

Форумның бағдарламасы III панельдік сессиядан тұрады. Панельдік сессияларда шағын және орта бизнесті масштабтау, мықты команда құру және кәсіптегі иновациялар тақырыптары аясында баяндамалар оқылып, пікірлер талқыға салынады.

Панельдік сессия тақырыптары:

- шағын және орта бизнес дамуы: экспорттау және масштабтау мүмкіндіктері;

- мықты команда құру: Бизнестегі тиімділік және нәтижелілік;

- инновациялар және Data Science: Кәсіптің жаңа тыныстар.

Форум Youtube желісі арқылы тікелей эфирден көрсетіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар