00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Алдағы жылғы сәуірде автогаз бағасы 5 теңгеге өсуі мүмкін

20.11.2023 | 11:30
44
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарады Elorda.info

Сәуір айына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған жоба жүзеге асатын болса, төмендегі бес өңірде газ бағасы 5 теңгеге қымбаттайтын болады.   

- Алматы қаласы – 65 теңгеден 75 теңгеге дейін;

- Алматы облысы – 70 теңгеден 75 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 75 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттайды;

- Шығыс Қазақстан облысы – 60 теңгеден 70 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 65 теңгеден 75 теңгеге дейін қымбаттайды;

- Солтүстік Қазақстан облысы - 70 теңгеден 75 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 75 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттайды;

- Абай облысы- 60 теңгеден 65 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 65 теңгеден 70 теңгеге дейін қымбаттайды деп көрсетілген.

Қазақстандық отын қауымдастығының және нарық субъектілерінің көлік қызметтеріне шығындардың ұлғаюы, сұйытылған мұнай газын (СМГ) бірқатар облыстарда өткізу кезінде шекті бағаны көтеру қажеттігі туралы (5-тен 10 теңге шегінде) өтінішін ескере отырып, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сату бағасын өзгерту ұсынылады. Бұл ретте, Қазақстанның қалған өңірлерінде СМГ-ның бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды өзгерту жоспарланбайды,- деп жазылған ведомство бұйрығында.

Құжат 17 сәуірге дейін көпшілік талқысында болады.

Барлық жаңалықтар