00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Орталық Азия елдері үшін өңірлік референттік орталық құрылмақ

31.03.2023 | 23:07
Елорда ақпарат
59

Орталық Азия елдері үшін өңірлік референттік орталық құрылады, деп хабарлады Elorda.info «ҚазСтандарт» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселе Бішкек қаласында өткен Қазақстан мен Қырғыз Республикалары арасындағы Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі жөніндегі кіші комитеттің жетінші отырысында талқыланды.

HUB өңірлердің тұтынушыларын контрафактілік және қауіпті өнімдерден қорғайды, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан тауар өндірушілері үшін өзара жеткізілетін өнім экспортын және Азия өңірі елдеріне экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті «ҚазСтандарт» РМК бас директоры Ғабит Мұхамбетов.

Сонымен қатар тараптар айналымдағы өнімді сынау нәтижелерін өзара тану, стандарттарды бірлесіп әзірлеу, метрологиялық қамтамасыз етуді дамыту мәселелерін талқылады.

Барлық жаңалықтар