00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер қаралды

31.03.2023 | 22:50
Елорда ақпарат
26

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев облыстық әкімдіктердің өкілдерімен кездесіп, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың мәселелерін қарастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесуге өңірлік әкімдіктердің өкілдері, ҚР ИИДМ Құрылыс істері және ТКШ комитетінің төрағасы Т.Қарағойшин, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А.Мұхамеджанов, «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ төрағасы А.Күздібаев, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары мен құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.

Оның барысында өңірлердің тұрғын үй-коммуналдық секторындағы қордаланған мәселелер талқыланып, сондай-ақ 2023 жылға арналған даму жоспарлары таныстырылды. ИИДМ басшысы айтқандай, ТКШ саласында тәртіп орнату мен тұрғын үй кешенін жаңарту жергілікті атқарушы органдардың табысты қызметінің басты өлшемдерінің бірі саналады. Сондықтан министр бұл жұмыстың ұзақмерзімді жүйелі шешімдердің негізінде құрылуы тиіс екенін айтты.

Бұдан бөлек аталған кеңесте ТКШ қызметтерінің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру мен тарифтерді белгілеудің мәселелері де қозғалды. Осы ретте облыстық әкімдіктерге өңірлердегі коммуналдық тарифтерді қадағалап, мемлекеттік тұрғын үй инспекцияларының жұмысын барынша тиімді ұйымдастыру тапсырылды.

Барлық жаңалықтар