00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Шағын бизнеске салынатын салық жүктемесі азаюы мүмкін

31.03.2023 | 20:26
Елорда ақпарат
30

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2022 жылғы 24 қарашаға жоспарланған Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлады Elorda.info.

Сенат отырысында бірқатар заң жобалары талқыланды. Оның ішінде, еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайту және бірыңғай төлемді енгізу туралы норма бар.

Нақты айтқанда, қазір микро және шағын бизнес субъектілері еңбекақы төлеу қорынан 34,5% төлейді.

Ал 2023 жылдан бастап біртіндеп 2028 жылы 26,3%-ға дейін өсе отырып, 20%-дық бірыңғай төлемді ерікті негізде төлеу ұсынылады.

Сонымен қатар Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралады. Бұл құжат жолдардағы көліктік бақылауды автоматтандыру бөлігінде өзгерістерді, теңіз көлігі саласындағы халықаралық шарттардың нормаларын имплементациялауды, темір жол көлігіндегі оқиғаларды, кемелерге қатысты апаттық жағдайларды және азаматтық авиацияны тергеу тәртібін жетілдіруді көздейді.

Барлық жаңалықтар