00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Жыл басынан бері елде 1 трлн теңге ипотека рәсімделді

31.03.2023 | 19:41
Елорда ақпарат
45

Елімізде биыл 1 трлн теңге ипотека рәсімделді, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 сайтының жазуынша, бір жылдағы өсім – 47 процент. Сөйтіп, жалпы қарыздың үлесі 4,2 трлн теңгеден асты. Оған, ең алдымен, баспана нарығындағы қымбатшылық себеп болды. 9 айда жаңа үйлер 10 жарым пайызға, екінші нарықтағы пәтерлер 16 процентке қымбаттады.

Еске сала кетейік, қазір елде «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «Әскери баспана», «Жас отбасы», «Өз үйім», Қайталама нарықтағы тұрғын үй және «Алатау» жастары бағдарламалары бар. Әрқайсының шарттары әртүрлі. Көпшілік көкейіндегі «7-20-25» бағдарламасы бойынша 732,8 млрд теңге көлемінде 56 144 несие берілген. Қалған 300 млрд теңге оператордың болжамынша, 2023 жылдың I тоқсанында толық игерілуі тиіс.
 

Барлық жаңалықтар