00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Өңірлерге республикалық бюджеттен 6,2 трлн теңге бөлінеді

31.03.2023 | 19:14
Елорда ақпарат
10

2023 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 6,2 трлн теңге бөлінетін болады. Бұл туралы Қаржы министрінің міндетін атқарушы Ержан Біржанов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл жалпы бюджет шығыстарының шамамен 29,4%-ын құрайды.

Бұл зейнетақының орташа мөлшерін өсіруге, бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдер кезеңін ұлғайтуға, Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуге, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтамасыз етуге және мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған шығыстар, - деді Ержан Біржанов.

2023 жылға арналған түсімдер осы жылдың жоспарына қарағанда 2 трлн теңгеге ұлғайып, нәтижесінде 17,8 трлн теңгені құрайды.

Республикалық бюджетке түсетін мұнай түсімдерінің үлесі біртіндеп азаятын болады. Мәселен, осы жылғы 40,2%-тен 2025 жылға қарай ол 21,8%-ке дейін төмендейді. 2023 жылы мұнай секторынан түсетін түсімдер 1,4 трлн теңгеге азаюмен 5 трлн теңгені құрайды. 2025 жылға қарай олардың көлемі 4,1 трлн теңгеге дейін болады, - деді Е.Біржанов.

Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферт мынадай көлемдерде жоспарланады:

2023 жылы – 2,2 трлн теңге;

2024 жылы – 2,0 трлн теңге.

Барлық жаңалықтар