00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Мемлекеттік бюджеттің кірісі бір жылда 35%-ға өсті

31.03.2023 | 17:44
Айман Нығмет
25

Биыл қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша еліміздің мемлекеттік бюджетіне 11,4 трлн теңге түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,4%-ға артық, деп хабарлады Elorda.info.

Өткен жылдың жеті айында мемлекеттік бюджеттің кірісі 8,4 трлн теңгені құрап, бір жылда 4,6%-ға өсті.

Табыстың көп бөлігі дәстүрлі түрде салық түсімдері есебінен алынды: 8,1 трлн теңге. Өткен жылмен салыстырғанда 46,2%-ға артық. Оның ішінде табыс салығы есебінен түсімдер 3,1 трлн теңге, тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге ішкі салықтар есебінен — 2,9 трлн теңге, халықаралық сауда және сыртқы операцияларға салынатын салықтар есебінен — 1,2 трлн теңге, әлеуметтік салық есебінен — 567,7 млрд теңге, меншік салығы есебінен — 254,5 млрд теңге түсті.

Қаңтар–шілде айларында трансферттер түсімдері бір жылда 13,6%- ға, 3 млрд теңгеге дейін өсті. Мүлік салығынан  177,5 млрд теңге түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,8%-ға артық.

Барлық жаңалықтар