00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Балық өңдеуге қосылған құн салығы 70 пайызға азайтылмақ

31.03.2023 | 17:19
Елорда ақпарат
34

Балық аулау кәсіпорындары балықты өңдеу кезде қосылған құн салығын 70 пайызға азайту туралы норма ұсынылып отыр. Бұл туралы салық мәселесіне арналған заң жобасын талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Балық аулау кәсіпорындары балықты өңдеу кезде қосылған құн салығын 70%-ға азайтуы туралы норма ұсынылады. Қазір мұндай жеңілдікті балық өсіруші қожалықтар қолданады. Қант өндірісін ынталандыру үшін шикі қант импортын қосылған құн салығынан босату, сондай-ақ қант өндірушілер үшін қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктің қолданылу мерзімін ұзарту ұсынылады, - деді министр.

Сондай-ақ Әлібек Қуантыроа тазартылған алтынды сатуға қатысты да ұсыныс айтты.

Келесі норма тазартылған алтынды сатуға қатысты. Қазір Ұлттық банкке мұндай алтынды сату қосылған құн салығынан босатылады. Осы норманы алтынды зергерлерге де сату кезінде қолданылмақ. Сондай-ақ, электр желілерін ірілендіру мәселесі шешіледі. Энергия беруші ұйымның электр желілерін өтеусіз алуы кезінде салық міндеттемелерінің туындауын болдырмау ұсынылады, - деді министр.

Барлық жаңалықтар