00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Банктер QR-кодтарының бірыңғай жүйесіне көшпек

31.03.2023 | 16:55
Елорда ақпарат
43

Электронды сауданы дамытуға арналған «E-commerc Forum» атты форумда Қазақстандағы банктердің бәріне QR-код арқылы төлем жасайтын ортақ терминал ашу жайлы талқыланды. Бұл қолма-қол ақшасыз атқарылатын сауданың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Былтыр біз QR-төлемді теңестіріп, QR-кодтарды стандарттауға күш салдық. Кімнің клиенті екенің маңызды емес, Halyk Bank, Kaspi, Jusan қосымшасын пайдалансаң да, бәрінің жүйесі оқитын ортақ QR болуы керек. Бизнестің әр субьектісіне бір-бір POS-терминал ұстап қажет емес. Әр терминалға ақы төлеу керек болады. Бәріне ортақ бір терминал болса, оған нарықтағы бүкіл ойыншылар қатыса алуы керек. Биыл бүкіл банктер өз жүйесін жетілдіреді. Соның арқасында қазақстандықтар кез келген терминалдан төлем жасай алады. Яғни, банктер бір-бірінің QR төлемдерін оқи беретін болады, - деді Әсел Жанасова.

Гүлжан Уалиева 

Барлық жаңалықтар