00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңарту мерзімі ұзартылды

31.03.2023 | 16:51
Елорда ақпарат
41

Бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңарту мерзімі ұзартылды, деп хабарлады Elorda.info Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Салық төлеушілердің өтініштеріне байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау мерзімін 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.Бұдан бұрын 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде 2.0.2-нұсқадағы хаттамаға бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажеттігі туралы хабарланған болатын, деп жазылған хабарламада.

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын барлық жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде барлық тіркелген бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау бойынша жұмыстарды аяқтауы қажет.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2.0.2-ден басқа хаттамаларға Фискалдық деректер операторлары қолдау көрсетпейді.

Барлық жаңалықтар