00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстанда жыл басынан бері сары май 15%-ға қымбаттады

25.02.2023 | 14:12
Айман Нығмет
59

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, соңғы 6 айда отандық май зауыттары сары майға сұранысты 71%-ға, өткен жылғы 83,6%-ға қамтамасыз етті. Тиісті кезеңде өндіріс бір жылда 12%–ға қысқарды (2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда). Импорт, керісінше, бір жылда бірден 83,5%-ға өсті.

Елімізде  ішкі нарықта сары майды сату 12,5 мың тоннаға дейін өсті. Шілде айының қорытындысы бойынша тұздалмаған сары майдың бағасы бір айда 1,2%-ға және бір жылда 17%-ға өсті. Бұл ретте жыл басынан бері бағаның өсуі 14,7%-ды құрады.

Шілде айында тұздалмаған сары майдың бөлшек сауда құны 3,3 мың теңгеге жетті( бір келісі).

Жыл басынан бері сары май Маңғыстау облысында айтарлықтай қымбаттады: бірден 29%-ға. Одан кейін Шымкент пен Жамбыл облысы тұр, онда бағаның өсуі тиісінше 26,7% және 26,4% құрады.

Ең аз баға Нұрсұлтан (3%-ға), Алматы (5,6%-ға) және Павлодар облысында (7,2% - ға) өсті.

Барлық жаңалықтар