00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елімізде жылқы еті қанша пайызға қымбаттады

25.02.2023 | 13:24
Айман Нығмет
44

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, ең көп жылқы Түркістан облысында сойылды: тірі салмақта 14,5 мың тонна. Көшбасшылар үштігіне Абай және Ақтөбе облыстары кірді.

1 шілде деректеріне сәйкес, елімізде 4,1 млн жылқы бар. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 10,6%-ға артық. Өңірлік бөліністе жылқы басы бойынша Түркістан, Қарағанды және Абай облыстары көш бастап тұр.

Биыл жылқы өлімі жылына 5,2%-ға өсті. Көбінесе өлім жағдайлары Ақмола, Қостанай және Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Шілде айында еліміздің базарлары мен дүкендерінде жылқы етінің килограмы 2,9 мың теңгеден сатылды. Бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 16,5% - ға артық.

Бағаның өсуін Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары қатты сезінді: бір жылда 28,8%-ға өсті. Үштікте Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласы да бар. Ең төменгі жылдық өсім Қызылорда облысында тіркелді: 4,5%.

Еліміздің ірі қалалары арасында жылқы етінің килограмы елордада ең қымбат (3,3 мың теңге), Қызылордада ең арзан (2,3 мың теңге) болды.

Барлық жаңалықтар