00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен алуға өтінім беру қашан басталады

25.02.2023 | 12:51
Айман Нығмет
24

Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте жеңілдікті лизинг аясында ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу мәселелері талқыланды.

«14 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент ӨКМ Операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелендіру тетігін енгізу жөнінде тапсырма берді. Ол үшін шамамен 40 млрд теңге бөлінеді. Бір лизинг алу үшін қаржыландыру сомасы 205 млн теңгеден артық емес және үш бірлік ауыл шаруашылығы техникасынан артық берілмейді. Осылайша, шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдары жеңілдетілген бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала алады. Қаржыландыруды «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары жүзеге асырады», - деді вице-министр кеңесте.

Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 5 тамызда басталып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның барлық филиалдарында қабылданады. Бұдан бөлек, өтінімдерді компанияның ресми сайты арқылы беру мүмкіндігін енгізу жоспарланып отыр. 

 «Бұл бағдарламаның негізгі артықшылығы аванстық төлемнің болмауы және негізгі қарызды өтеу бойынша 1 жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру болып отыр. Сыйақының жылдық мөлшерлемесі 6%», - деді «ҚазАгроҚаржы АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев.

Техниканы өндіруші зауыттардың өкілдері жеткізу кезінде дүрбелең  болмайтынына сенімді. Өйткені барлық ауыл шаруашылығы техникасының жеткілікті көлемі бар.

Айта кетейік, бағдарлама 20 жылға есептелген.

 

Барлық жаңалықтар