00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

18,5 млн темекі заңсыз айналымнан шығарылды

25.02.2023 | 11:37
Елорда ақпарат
32

Қаскелең қаласы, Алматы-Бішкек трассасының 29 шақырымында орналасқан «Кристалл» қонақ үй-тұрақ кешенінің аумағында 925 мың қорап заңсыз темекі (18,5 млн. темекі тарту бірлігі) өнімі анықталды. Акциздік маркасы жоқ контрабандалық темекі өнімі тексеру жүргізу барысында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп анықталды, - деп жазылған хабарламада.

Осы тексеру нәтижелеріне қатысты  материалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша бұзушылық белгілерімен Алматы облысының Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Айта кетейік, төленбеген акциз шығын сомасы 227,6 млн қаржыны құрайды. Темекенің жалпы құны - 527,3 млн теңге.

Барлық жаңалықтар