00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Телефон радиациясының ми ісігіне қатысы жоқ – зерттеу

25.02.2023 | 04:58
Елорда ақпарат
31

Ғылыми зерттеу жұмысы барысында авторлар 1975-1992 жылдар аралығында пациенттердің қатерлікке ісікке шалдығу жағдайларын анықтаған. Сондай-ақ мамандар онкологиялық аурулар артқан 1995-2008 жылдар аралығындағы кезеңге де талдау жүргізген. Олар смартфон қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей әсер етпейді деген тоқтамға келіп отыр.

Ұялы телефон ми ісігіне әкеліп соқтырмайды деп сенімді түрде айта аламыз, – дейді зерттеу авторы, доктор Джессика Джонс.

Мамандар Ұлыбританиядағы миллион шақты әйелдің денсаулығын зерттеген. Зерттеу нәтижесінде телефон қолданушыларында мидың қатерлі ісігінің пайда болу ықтималдығы жоғары болмағаны анықталды. 

Әдеттегі жағдайда смартфонды қолдану мидың қатерлі ісігінің пайда болу ықтималдығын арттырмайды, – деп атап өтті зерттеу авторларының бірі Кирстин Пири. 

Есесіне дәрігерлер қатерлі ісіктің туғызатын факторлар қатарына нашар экология, құрамы жасанды азық-түлік өнімдері және артық салмақты жатқызады.

Барлық жаңалықтар