00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Алматыдағы крематорий құрылысы аяқталды

25.02.2023 | 03:15
Елорда ақпарат
35

Крематорийдің құрылыс жұмыстары 2021 жылдың желтоқсанында аяқталды. Бүгінгі таңда сыртқы инженерлік желілерді, оның ішінде орнатылған пештерді пайдалану үшін газбен жабдықтау желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Крематорийді 2022 жылдың мамырында қосу жоспарда, – деп жауап берді қала әкімдігі.

Келісімшартқа сәйкес, крематорий Алматы қаласы, Алатау ауданы Ақын Сара көшесінің солтүстік бөлігінде, ЖЭО-2 шығысына қарай орналасқан патологоанатомиялық бюро жанынан (сыртқы инженерлік желілерсіз) салынды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда крематорийдің жұмыс істеу қағидалары, сондай-ақ мәйітті кремацияға қабылдау ережелері әзірленуде. Айта кетейік, 2020 жылғы жазда крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын жасауға тендер жарияланған болатын.

Тапсырыс беруші – Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы. Құрылыс құны – 1,3 млрд теңге.

Барлық жаңалықтар