00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

2021 жылы салық түсімдері бойынша жоспар 103,6% орындалды

24.02.2023 | 23:35
Елорда ақпарат
29

ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2021 жылы мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,6% орындалды.  2020 жылмен салыстырғанда 25,3% немесе 2 163,1 млрд теңгеге өсті.

Оның ішінде:

- Республикалық бюджет 102,1% орындалды, 2020 жылмен салыстырғанда 26,6% немесе 1 482,1 млрд теңгеге өсті.

- Жергілікті бюджет 106,8% орындалды, 2020 жылмен салыстырғанда 22,8% немесе 681,0 млрд теңгеге өсті.

2020 жылмен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдер өсімінің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпоративті табыс салығы бойынша 533,7 млрд теңгеге немесе 34,2%, экспорттық кеден баждары бойынша 441,0 млрд теңгеге немесе 1,8 есе, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы бойынша 235,8 млрд теңгеге немесе 34,7%, үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 149,3 млрд теңгеге немесе 23,1% және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша 116,8 млрд теңгеге немесе 35,1% байқалады, - делінген хабарламада.

Ал 2021 жылы онлайн бақылау-касса машиналарынан бір салық төлеушіден орташа түсім 16,6 пайызға артқан.

Барлық жаңалықтар