00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Бүгін екпе алған елордалық зейнеткерлер арасында санаторийге жолдама ойнатылады

24.02.2023 | 20:49
Елорда ақпарат
25

Вакцинацияланған зейнеткерлер арасында санаторийге жолдамалардың ұтыс ойыны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) ресми парақшаларында ертең, 29 желтоқсан күні сағат 17.00-де тікелей эфирде өтеді. Екпе алған зейнеткерлер арасында Сарыағаш (Түркістан облысы), Оқжетпес (Ақмола облысы), Мойылды (Павлодар облысы) шипажайларына тегін жолдамалар ойнатылады.

Ұтыс ойынына 28 қазан мен 28 желтоқсан аралығында елорданың кез келген вакцинация пунктінде вакцинаның бірінші компонентін алған зейнеткерлер қатыса алады.

Байқау әдеттегідей автоматты режимде өткізіледі. Азаматтарға құжаттарды толтырудың және тіркеуден өтудің қажеті жоқ.

Барлық жаңалықтар