00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстандық банктердің активі бір айда 450 млрд теңгеге өсті

24.02.2023 | 20:14
Елорда ақпарат
27

Отандық нарықта жұмыс істейтін 44 екінші деңгейлі банк ішіндегі 15 банк – айлық динамикада, ал 21 қаржылық институт жылдық динамикада өсімге ие болды.

Өзге ЕДБ ішінен саланың алпауыты ретінде оқ бойы оқшауланып Halyk Bank тұр. Бір айдың ішінде бұл банк өз активтерінің көлемін 276,5 млрд теңгеге өсірді. Салыстыру үшін айтсақ, бұл көрсеткіш барлық ЕДБ-дегі активтердің жиынтық өсімінен (303,2 млрд тг) сәл ғана аз.

Жыл басынан бері Halyk Bank активтері 1,1 трлн теңгеге, ал бір жыл ішінде 1,36 трлн теңгеге өсті. Бұл да – нарықтағы ең елеулі көрсеткіш. Нәтижесінде аталмыш қаржылық институт активтері 11,07 трлн теңгеге жетіп, барлық қазақстандық банк активтері көлемінің үштен бірін құрады. 

Айлық өсім бойынша үздік үш көшбасшының қатарында Kaspi Bank (+86,2 млрд тг) пен Ситибанк Қазақстан (+69 млрд тг) да бар. Жылдық динамикада үштік лидер қатарына Halyk Bank-тан басқа Jusan Bank (+1,11 трлн тг) пен Сбербанк (+1,11 трлн тг) та кірді. 

Барлық жаңалықтар