00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Болашақпен» шетелде оқып келген дәрігерлер бір жылда 213 мың қазақстандықтың өмірін сақтап қалған

24.02.2023 | 19:16
Елорда ақпарат
58

Бүгін елордада жұмыс берушілер мен «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің форумы өтті. Іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында әрі Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған. 

“Медицина саласы бойынша шетелде білім алып келген 545 болашақтық бір жылда 213 мың күрделілігі әртүрлі ота жасап, отандастарымыздың өмірін сақтап қалған. Білім саласы бойынша оқып келген 842 түлек әртүрлі ұйымдарда оқытушылық қызметті атқарып жүр. 11 407 түлектің бүгінгі таңда 150-і - ғылыми профессор атағы бар азамат. Олар соңғы 1 жылда әлемнің алдыңғы қатардағы ғылыми басылымдарына 1200 мақала жариялайды. Сол арқылы пандемия жағдайында еліміздің ғылыми әлеуетін шетелге танытты”, - деп атап өтті орталық президенті. 

Форум аясында «Болашақ» президенттік стипендиясы түлектерінің жетістіктері мен олардың еліміздің дамуына қосқан үлесі, түлектерді жұмыспен қамту, ел экономикасының нақты секторына озық ғылыми технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Форумға бағдарлама стипендиаттары мен түлектері, мемлекеттік органдардың, ұлттық және жеке компаниялардың өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың басшылары қатысты. Солардың бірі Серік Қалқаманов қазір шетелде алған білімін отандық жоғары оқу орнын дамытуға үлесін қосуда.

“2013 жылы «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тағы Техас университетінде ағылшын тілі бойынша білімімді жетілдірдім. Одан кейін Дьюк университетінде Стерфорд атындағы “Мемлекеттік саясат” мектебінде магистатура бойынша 2 жыл оқыдым. Елге оралған соң алған білімімді мемлекеттік қызметте, Білім және ғылым министрлігіндегі жұмыста қолдандым. Кейін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «Болашақ» түлектері үшін арнайы бағдарлама бар екенін естіп, қызметімді сол жақта ректор аппараты басшысы ретінде жалғастырудамын”, - деді бағдарлама түлегі.
Барлық жаңалықтар