00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

SPECA бағдарламасы аясындағы тауар айналымы 4,8 млрд долларға жетті

24.02.2023 | 18:36
Елорда ақпарат
12

Вице-министр бүгінде Қазақстанда SPECA елдерінің 4 400 компаниясы және 800 бірлескен кәсіпорыны жұмыс істейтінін атап өтті. Соңғы 10 жылда SPECA отандық экономикаға $210,7 млн инвестиция салды.

«Министр орынбасарының айтуынша, Қазақстан жаһандық трендтерден тыс қалмайды және «жасыл экономикаға» көшу шараларын қабылдауда. 2013 жылы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама қабылданып, «жасыл» өсуге қол жеткізу және экономиканы терең көміртексіздендіру үшін экономиканы дамытудың ұзақмерзімдік нұсқаларын қамтитын 2060 жылға дейінгі Төменкөміртектік даму стратегиясы әзірленуде», - делінген ҰЭМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, халықаралық форум барысында Қазақстан Тұрақты хатшылық мекемесі арқылы SPECA бағдарламасын реформалау мен бекітуді ұсынды. Ол SPECA-ның БҰҰ-ның басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдарымен негізгі бағыттар бойынша тиімді әрі жедел өзара іс-қимылын құруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 1997 жылы БҰҰ әзірлеген SPECA бағдарламасы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске қосылды. Қазіргі уақытта оны жүзеге асыруға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ауғанстан елдері қатысуда.

 

Барлық жаңалықтар