00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстанда ақша аударымдарының көлемі бір жылда 47,1 млрд теңге болды

24.02.2023 | 17:59
Елорда ақпарат
27

2018 жылы осыған ұқсас кезеңде көрсеткіш 57 млрд теңге болған.

Биыл 9 айда транзакциялар саны 1,2%, 421,9 мыңға дейін өскен, бұл бір аударымның орташа чегін 85,4 мың теңгеден 111,6 мың теңгеге дейін арттырды.

Халықаралық ақша аударым жүйесі арқылы Қазақстан бойынша аударылған қаражат көлемі бойынша "Золотая Корона" көшбасында: 11,7 млрд теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1% артық.

Кейін тізімде Western Union тұр: 1,7 млрд теңге, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 2,5% аз.

Сондай-ақ "Юнистримге" (449 млн теңге) және Contact (76,3 млн теңге) ақша аударым жүйесі арқылы қомақты қаржы аударылған.

Басқа жүйелер арқылы 33,2 млрд теңге аударылды, бұл өткен жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 44% артық.

Транзакциялар саны бойынша Western Union көш бастап тұр: 14,3 мың, бір жылдағы өсім – 16,3%.

"Золотая Корона" арқылы транзакциялар саны 19,6%, 13,5 мыңға дейін азайған. "Юнистрим" және Contact ақша аударым жүйесінің үлесінде 2,8 мың және 0,01 мың транзакция. 

Биыл 9 айда басқа ақша аударым жүйесі арқылы транзакциялар саны бір жылда 1,3% өсіп, 391,6 мың болды.

Барлық жаңалықтар